Жаңа жылға ұзын шашқа қандай шаш үлгісін жасауға болады: сәнді 5 нұсқа

Мерекелік бьюти-бейнеңе арналған трендтегі идеялар

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 24 декабря 2025, 12:11
Жаңа жыл шаш үлгісі
Instagram: @cwoodhair

Маникюр, педикюр, кірпік, қас, жаңа шаш қию мен бояу — мереке қарсаңында бәріне дайындалғымыз келеді. Сән салонындағы процедураларға алдын ала жазылғанымызбен, дәл мереке күні қарапайым макияж бен шаш үлгісіне уақыт тапшы болып жатады. Жақындарды құттықтау, дастарқан әзірлеу, қонақтарды қарсы алу керек. Бірақ бұл шаш үлгісінен мүлде бас тарту керек деген сөз емес. Біз ұзын шашқа небәрі бес–он минутта жасауға болатын, әсерлі әрі оңай шаш үлгілерін жинадық.

Ешқандай сиқыр жоқ — тек уақытпен сыналған сәнді нұсқалар.

Тегіс төмен түйін

Жаңа жылға ұзын шашқа қандай шаш үлгісін жасауға болады: сәнді 5 нұсқа
Instagram: @kendalljenner

Бұл — талғампаздық пен жинақылықты ұнататындар үшін мінсіз шешім. Шашты тара да, аздап гель жағып, тегісте. Шашты төменге қатты етіп жинап, ұзындығын ұқыпты «ұлу» пішінінде орап, түйреуіштермен бекіт. Табиғи қылшықты арнайы щетка мен паста немесе мусс арқылы маңдай мен желке тұсындағы шығып тұрған шаштарды ретте.

Голливуд толқындары

Жаңа жылға ұзын шашқа қандай шаш үлгісін жасауға болады: сәнді 5 нұсқа
Instagram: @hair_2_zami

Классикалық бұйралар мерекелік бейнелердің фавориті болып қала береді. Алдымен көлем беруден баста: текстура беретін спрей немесе мусс жағып, түбінен көтере отырып фенмен құрғат және брашингпен өңде. Жабысқақ әсер қалмауы маңызды — егер шаш түбі әлі де солай болса, кептіруді жалғастыр. Одан кейін шашты орташа диаметрлі плойкамен бұйрала, суыған соң абайлап тара. Айқын бұйра емес, жұмсақ толқындар болуы керек. Қосымша жылтыр үшін шашқа арналған арнайы майды жағып шық.

«Дымқыл шаш» әсері

Жаңа жылға ұзын шашқа қандай шаш үлгісін жасауға болады: сәнді 5 нұсқа
Instagram: @cwoodhair

Батыл әрі өзекті нұсқа. Сәл дымқыл немесе құрғақ шашқа «дымқыл» әсер беретін арнайы гель жақ. Өнімді бүкіл ұзындығына біркелкі таратып, шашты қолмен немесе сирек тісті тарақпен артқа қарай тара да, өздігінен кебу үшін қалдыр. Шашты жайып қалдыруға немесе салғырт түйінге жинауға болады. Ең бастысы — гельді шамадан тыс қолданбау, әйтпесе жабысқақ әсер пайда болады.

Биікке жинау

Жаңа жылға ұзын шашқа қандай шаш үлгісін жасауға болады: сәнді 5 нұсқа
Instagram: @jastookes

Бұл шаш үлгісін әрі көлемді, әрі тегіс етіп жасауға болады — екі нұсқасы да әсерлі көрінеді. Алдымен шаштың ұзындығына құрғақ сусабын немесе пішін беретін спрей жақ. Содан соң басыңды еңкейтіп, шаштың барлығын төбеге жинап, резеңкемен қатты байла. Самай тұсындағы шаштарды фиксатор-гельмен щетка арқылы тегістеп ал — бұл шаш үлгісінің кеш бойы сақталуына көмектеседі.

Өрімдер

Жаңа жылға ұзын шашқа қандай шаш үлгісін жасауға болады: сәнді 5 нұсқа
Instagram:@emijayinc

Бос өрім жасап, кейін көлем беру үшін саусақтарыңмен жайлап шығар . Ұшын сәнді лентамен бекіт. Сондай-ақ сәндік түйреуіштермен безендіруге немесе жұқа жылтыр жіптер қосуға болады. Күрделірек нұсқа — шашты төрт бөлікке бөліп, әрқайсын маңдайдан бастап өріп шығу. Мұндай шаш сәндеу жинақы әрі әсерлі көрінеді. Тағы бір тренд — bubble braids: шашты бойлай резеңкемен бекітіп, әр бөлігін сәл тарқату арқылы «көпіршік» пішінін жаса.


Фото: Instagram

Дереккөз: Grazia

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше