Ыстық күнде майлы теріге арналған 3 қарапайым лайфхак

A
aigerakain
02 августа 2023

майлы бет
Instagram: patrickta

Майлы терінің иелері үшін жаз  ерекше маусым, бұл кезде сыртқа шыққанда кем дегенде бет майлықтары мен ұнтақты алып жүру керек болады. Біз күндізгі майлы теріге қатты алаңдамау үшін лайфхактарды жинадық. Қолданып көріңіз!

Ылғалдандыратын кремнен бас тарт

Ия, таңертең бетті жуғаннан кейін теріні нәрлендіру қажет, бірақ егер сенің терің майлы болса, онда крем қолданбаған дұрыс. Әрине, егер бояну керек болатын арнайы шаралар болса, бөлек әңгіме. Жәй күні теріні әдеттегі өніммен жуып, сүртпей, бетті аздап дымқыл күйінде қалдырған жеткілікті болады, терінің өзі ылғалдың қажетті мөлшерін сіңіруі үшін. Егер кремсіз жүре алмасаң, эмульсияларды таңда.

Тональді кремді қолданба

Егер жұмысың сұлулық саласымен байланысты болмаса, әдеттегі күні қажеті жоқ. Тіпті күңгірт тоналды крем бірнеше сағаттан кейін майланып кетеді, ал одан да жаманы — егер әрлеу ұнтағымен бекітпесең, олар тесіктерге бітеліп қалады немесе жай ағып кетеді. Тазартылған теріге кемшіліктерді түзету үшін жасырғыш немесе түзеткіш қана қолдан және терінің көп бөлігіне ештеңе жақпа. Сол кезде майлану ықтималдығы төмен болады.

Салицил қышқылын қолдан

Жазда күтімді қайта қарау керек, бұл терінің сапасына 95% байланысты. Егер терің өте майлы болса, күнделікті сұлулық режиміне салицил қышқылын енгізіп көрз. Қарапайым тоник жасаймыз: қышқылды минералды суда сұйылтып, күніне бір-екі рет бетімізді сүртеміз. Бір-екі күн қолданғаннан кейін, сыртта қатты ыстық болса да, майлы жылтырдың өмір сүруге кедергі келтірмейтінін байқайсың.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше