
Instagram: @aissaulebakytbek
Әдемі атлас жеңді қара жейде мен шалбар – үш баланың анасы Айсәуле Бақытбектің денесін айқын көрсетті. Айта кетейік, Айсәуленің үшінші қызын дүниеге әкелгеніне бір айдан астам уақыт өтті, соның өзінде сымбатты денесімен мақтана алады.
Әлеуметтік желі қолданушылары Бақытбектің жаңа суреттерін бағалады. Алғашқылардың бірі болып Айсәуленің анасы Баян Алагөзова өз бағасын берді. Ол от пен қызыл жүрек эмодзилерді қалдырды.
«Әдемі», «Керемет», «Айсәуле, сен жарайсың, мен сені жақсы көремін!», «Мұндай киімге қайдан тапсырыс беруге болады?», «Босанғаннан кейін от болып тұрсың», – деп жазды оқырмандары оған желіде.
Фото: Instagram