«Уақыт емдемейді»: Ақерке Бүркітбай марқұм әкесі туралы естеліктерімен бөлісті

Әнші Әли Оқаповтың жұбайы, қобызшы Ақерке Бүркітбай 10 жыл бұрын өмірден озған әкесі туралы естеліктерімен бөлісті. Әртіс уақыт ішкі жараларды емдемейтінін мойындады.

АА
Арайлым Ақан
13 января 2025

Ақерке Бүркітбай
Instagram: @akerkeburkitbay
«Уақыт емдемейді»: Ақерке Бүркітбай марқұм әкесі туралы естеліктерімен бөлісті

Instagram: @akerkeburkitbay

Ақерке Бүркітбай инста парақшасында отбасылық мұрағаттан фото жариялады.

«Көке, мен сізді қатты сағындым... 12-ші қаңтар. Небәрі 49 жасында дуниеден өткен әкем – Паһаманның туған күні! Арамызда болса, бүгін 59 жас туған күнін атап өткен болар едік, әттең Алланың ісіне шара жоқ! 10 жыл өте шықты.
Жатқан жерің жәннәттың төрі болсын, Әке!»,

деп жазды Ақерке.

  Әншінің оқырмандары жылы сөздермен қолдады. Бүгін Ақерке сторис жазды, онда ол барлығына қолдау көрсеткен үшін алғыс айтты.  

«Баршаларыңызға рахмет жазып жатқан тілектеріңізге. Биыл әкемнің өмірден өткеніне 10 жыл өтті. Уақыт деген зымырап өте шықты. Күні кеше ғана болғандай. «Уақыт емші» деп айтады ғой. Менің ойымша уақыт емдемейді. Керісінше сағынышты күшейте береді. Біздің қолымыздан келері әкемізге дұға тілеп, Құран бағыштау»,

деді ол.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше