Режиссер Қуаныш Бейсек «Қазақфильм» президенті Азамат Сатыбалдының кеңесшісі болып тағайындалды. Режиссер киностудияны дамыту стратегиясын әзірлейтін болады, деп хабарлады «Қазақфильм».
«Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Қуаныш ҚФ-нің шығармашылық даму бағытын қадағалап, сол бағытқа жауап береді», – деп жазды Сатыбалды Instagram парақшасында.
«Қазақфильм» хабарламасында режиссердің киностудияны дамыту стратегиясын әзірлеумен, брендті ілгерілетумен айналысатыны және Азамат Сатыбалды шығармашылық мәселелер бойынша кеңесші болатыны нақтыланған.
Қуаныш Бейсек танымал «Ирина Кайратовна» тобының бұрынғы режиссері, сондай-ақ, зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Дәстүр» фильмінің режиссері ретінде танымал.