
Бала кезіңізде анаңыздың боянатын заттарын ұрлап, тығылып боянған болсаңыз қолыңызды көтеріңіз. Блогерлер балалық шаққа саяхат жасап, аналарының заттарымен боянып жүр.
Әр адамның эмоциясы әр түрлі болды: мысалы, блогер Мариам анасынан Too Faced Born This Way консилерін, Huda Beauty Eye Palette палеткасын, e.l.f. Halo Glow тонын, тағы бір Nars негізін, Maybelline кірпік бояғышын және тағы басқаларын тапты. Ол тіпті кейбір өнімдерді өзіне сақтап алды, өйткені оның беті мен көздері керемет боялды. Бірақ оған ерінге арналған құралдар ұнамады-олардың барлығы жылтыр финишпен болды, ал Мариам күңгірт далапты жақсы көреді.
@maryxm.mx Doing makeup using my mums makeup products!! What do you guys think!! #makeupchallenge #makeupchallenges #makeuptrend #mumsmakeupchallenge ♬ original sound - Maryam
Ал блогер Серена анасының ұзақ уақыт бойы заттарын жаңартпағанын көрсетті. Серена роликте анасының косметикалық сөмкесінде тек Clarins ылғалдандырғышы, Garnier ВВ кремі, The Body Shop-тың қоңыр түсті ерін қарандашы, Kiko кремді ерін қарандашы ғана бар екенін көрсетті.
Серенаға вв кремді қолмен жағуға тура келді, өйткені анасы щеткаларды қолданбайды, ал қоңыр ерін қарандашымен көзін де бояды. Себебі көз бояйтын заттар да болмаған. Бірақ оған нәтижесі ұнады, ол тіпті сол қарындашты сатып аламын деп шешті.
Фото: Unsplash