
TikTok — Қазақстандағы платформа қауымдастығының қауіпсіздігін абсолютті басымдыққа қояды. Ол үшін платформа ережелерді бұзатын контентті анықтауда және әрекет етуде инновациялық технологиялар мен білікті сарапшыларды қолданады.
Бұл жұмыстардың артында TikTok қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 40 000-нан астам маман тұр, оның ішінде қазақ тілді мамандар.
TikTok платформасын күнделікті миллиондаған бейнероликтер жариялайтын, миллиардтан астам адам қолданады. Компания автоматты модерация технологияларын жетілдіруді жалғастыруда, бұл дегеніміз ережелерді бұзатын контентті кем дегенде бір адам көрмей тұрып жоюға мүмкіндік береді.
Нәтижесінде, ережелерді бұзатын бейнероликтердің 80% жойылуда, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 62% құраған еді.
Бұл туралы ақпарат тоқсан сайын Қауымдастық ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету туралы есептерде жарияланады.
2024 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда 1.494.600 бейнеролик Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін жойылды. Жойылған роликтердің жалпы санының 94,2% платформамен алдын-ала, яғни оларға шағым түскенге дейін өшірілген. Ал, бүкіл әлем бойынша Қауымдастық ережелерін бұзуға байланысты 178.827.465 бейнеролик жойылды. Оның ішінде 98,2% алдын-ала өшірілген.
Еске салайық, өткен жылы Қазақстанда Қауымдастық ережелерін бұзған 4.225.396 бейнеролик жойылған болатын.
TikTok, сондай-ақ, саяси мәнмәтінде қоғамдық пікірге әсер ету мақсатында ықтимал, жасырын ақпараттық науқандарды анықтау және оларды тоқтату арқылы ашықтықты қамтамасыз етуге арналған жеке есепті іске қосты.
Екінші тоқсанда бүкіл әлем бойынша TikTok 1.702.277 адамнан тұратын жалпы жазылушылар аудиториясы бар 2.240 парақшадан құралған 14 жасырын әсер ету желілерін тоқтатты.
Фото: Unsplash