Теріні бұзатын жазғы 3 қателік 

A
aigerakain
28 мая 2024

Pexels: Trung Nguyen

Егер сен жаздан әдемі терімен шыққың келсе, келесі амалдарды қайталама.

Жаз — күн, шөптер, теңіз және теріге түсетін тым көп күн сәулесі. Соңғы факторға байланысты терінің жалпы көрінісі мен денсаулығы нашарлайды. Бұл туралы дерматолог доктор Андреа Суарес еске салады. Біз жіберетін және сұлулықты құрбан ететін үш негізгі жазғы қателіктерді атайды.

Табиғаттағы ішімдік

Суарес: «Ішімдік теріңдегі антиоксиданттардың қорын сарқып, оны күннің ультракүлгін сәулесінің жойқын әсеріне осал етеді», — дейді. Мас күйінде адамдар күн астында отырады, тіпті SPF туралы есіне түсірмейді, содан кейін тері күйіп қалады. Суарес бас киім, күннен қорғайтын көзілдірікті киюді және санскринді алуды ұсынады.

Төмен қорғанысы бар SPF

Бұл жерде құрылым туралы емес, қорғаныс дәрежесі жайлы айтылып тұр. Доктор Суарес құрамында SPF 5, 10 немесе 15 бар өнімдерге күледі, өйткені олар күн сәулесінен қорғамайды. «Американдық дерматология академиясы күн сәулесінің 97% блоктайтын SPF қорғаныс коэффициенті кемінде 30 болатын күннен қорғайтын кремді қолдануды ұсынады. Сондай-ақ, өнімді екі сағат сайын немесе терлегеннен немесе суға шомылғаннан кейін жаңарту керек екенін ұмытпа», — деп еске салады дерматолог.

2-уі 1-де күннен қорғайтын крем

«Құрамында жәндіктерге қарсы заттар бар SPF сатып алма (иә, ондай түрлері бар). Санскринді күніне бірнеше рет жаңарту керек, ал репеллентті күніне бір рет қолдануға болады. Жәндіктерден қорғайтын ингредиенттер теріні тітіркендіреді және оның қорғаныс тосқауылын бұзады»,

деп қосты Саурес.
Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше