Теріде әтірдің иісін қалай 24 сағат сақтауға болады: қарапайым лайфхак

от aigerakain
Опубликовано: 06 февраля 2024, 16:40
Unsplash: Mathilde Langevin

Әтіріңнің иісі тез кетіп қалса мәселе шешілді!

Хош иісті қолданғаннан кейін бірден иісі кетіп қалса ашуланасың ба? Саған бұл жағдай таныс екеніне сенімдіміз. Arcaea парфюмерлік бренді де бұл мәселеге алаңдайды, сондықтан олар кез келген хош иістің беріктігін 24 сағатқа дейін арттыратын Optimum Habitat праймерін жасады. Бағасы: 30 000 теңгедей.

Өнім теріні ылғалдандырады, микробиоманы қалпына келтіреді және рН деңгейін бейтарап ұстайды, осылайша хош иіс теріде ұзақ сақталады. Глицерин мен сквалан бұған жауап береді, өйткені әтір ылғалданған теріде ұзақ сақталатыны белгілі.

Әтіріңнің иісі
Фото: Future Society

Сонымен қатар, бренд формуланы Испаниядағы су астындағы үңгірден алынған ерекше теңіз ингредиентімен және теңіз коллагеніне еліктейтін полипептидпен байытты. Біріншісі — тері микробиомасының тепе-теңдігін реттейді және хош иісті молекулаларды тотығудан сақтайды. Екіншісі — теріні зақымданудан, ал хош иісті тез жойылып кетуден қорғайды.

Byrdie сұлулық редакторлары праймерді сынап көрді, міне, олардың ойлары: «Бастапқыда ойымыз күмәнді болды, бірақ праймермен хош иіс шынымен де тұрақты және қарқынды болады». 

Праймер брендтің жалғыз танымал өнімі емес. Олар өздерінің алғашқы коллекцияларын жойылып кеткен гүлдердің хош иісі бар әтірлерге арнады.


Фото: Unsplash

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше