
Шынында, «жуынбау» бәріне бірдей сәйкес келмейді. Егер, сен таңертеңгі процедуралардан бас тартуды шешсең, барлық кешкі күтімді өзгертуге тура келеді.
Біз ұзақ күннен кейін SPF, макияж, шаң мен кірді жуу үшін кешке бетті жуу керек екенін білеміз. Бірақ, таңертең бет жуу міндетті ме?
Кейбір сарапшылар теріні күніне екі рет тазарту керек дейді, бірақ әйгілі француз фармацевті және Bonjout Beauty брендінің негізін қалаушы Наташа Бонжут таңертеңгі жуыну теріге зиян тигізеді деп санайды (егер, безеуге бейім майлы түрі болмаса).
Бонжут Vogue журналына берген сұхбатында: «Таңертең теріні гельдер мен көбіктермен тазарту теріде түнде пайда болатын жұқа липидті қабатты кетіреді, ол кір немесе зиянды бактериялар сияқты сыртқы факторлардан қорғайды».

Тазартылмаған теріге күтім, SPF және макияжды қалай қолдануға болады? Доктор Бонжут теріні термалды сумен немесе тонермен сүртіп, содан кейін әдеттегі тәртіпке көшуге кеңес береді.
Расымен, егер сен таңертең бетіңді жууды тоқтатсаң, кешкі тазалауға көбірек көңіл бөлуіңкерек. Ол ұзақ, мұқият және тиімді болуы кажет: алдымен макияжды гидрофильді маймен кетір, содан кейін оны жылы сумен шай, содан кейін теріні гельмен, көбікпен немесе кремді бет жуғыш затпен тазала. Дайын!
Мүмкін, «жуынбау» сенің таңертеңгі бьюти-тәртібіндегі жаңа қадамың болуы мүмкін.
Фото: Unsplash/ Pexels