Тұрсынбек Қабатов ауруханаға түсті

A
aigerakain
18 октября 2024

Тұрсынбек Қабатов ауруханаға түсті
Instagram: tursynbek_kabatov_resmi

Белгілі қазақстандық әзілқой және шоумен Тұрсынбек Қабатов денсаулығының нашарлауына байланысты жоспарланған концерттердің кейінге шегерілгені туралы хабарлады. Ол ауруханаға жатуға мәжбүр болды.

Тұрсынбек Қабатов жанкүйерлер үшін маңызды хабарламасы бар жазбаны өзінің Instagram блогында жариялады. 

«Ассалаумағалейкум, құрметті көрермен! Денсаулығыма байланысты ауруханаға жатып қалдым. Сол себепті 45 жас деп жоспарлаған концерттерімнің 2025 жылға ауысқанын хабарлаймын! Өздеріңізді көруге асықпын»,

деді жазды Қабатов. 

Хабарламада мерейтойлық концерттер келесі жылдың ақпан, наурыз және сәуір айларына ауыстырылатыны жазылған.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше