
Қазақстандық әнші, «All Давай» тобының солисті және продюсері Шоқан Маратұлы Instagram-аккаунтында өзінің үйлену тойынан мұрағаттық кадрларды көрсетіп, оқырмандарын таң қалдырды.
«Дәл 7 жыл бұрын біз ерлі-зайыпты атандық. Мерейтойымыз құтты болсын, сүйікті Анеля», — деп жазды ол. Оқырмандары ерлі-зайыптыларға бақыт тілеп, Шоқан мен Әнелдің әдемі жұп екенін атап өтті.
«Сондай тәттісіңдер! Мәңгілік махаббат тілеймін», «Шоқанның әйелі мейірімді, ақылды екені көрініп тұр», «Жақсы күйеу», «Әдемі жұп», «Құттықтаймын. Әрқашан бірге бақытты болыңдар», «Сіздің әйеліңіз сондай шынайы! Әдемі, мейірімді, нәзік», «Екеуің де әдемісіңдер», — деп жазды Instagram қолданушылары.
Фото: Instagram