
Егер біздің нұсқауларымызды нақты орындасаң, онда қысқа мерзімде әдемі ұзын шашты өсіре аласың.
Өте аз қыздар ұзын, әдемі шаштарымен мақтана алады. Әрине, генетика маңызды рөл атқарады, бірақ шашты сауатты күту де үлкен маңызға ие. Біз бәрін білетін сияқтымыз, бірақ қандай да бір себептермен шаш өспейді. Сен бәрін дұрыс істеп жүрсің бе?
№ 1 кеңес: шашыңды күн сайын жууды тоқтат
Сусабын – бұл шаш пен бас терісіне түсетін кір мен сәндеу өнімдерінің қалдықтарын ғана емес, сонымен қатар шаш пен теріні ылғалдандыруға және қорғауға жауап беретін майды кетіретін тазартқыш. Егер күн сайын шашыңды жуатын болсаң, онда қорғаныс қабаты жұқарып, шаш әлсіз болады, күші мен жылтырлығы жоғалады, ұштары бөліне бастайды. Шыдап, шашыңды кем дегенде екі-үш күнде бір рет жууды баста. Бұл шаштың жалпы жағдайына пайдалы әсер етеді – тез өсе бастайды.
№ 2 кеңес: шашты ыстық сумен жууға болмайды
Есіңде болсын: ыстық су шаштың тесіктері мен қабыршақтарын ашады, ал суық немесе салқын, керісінше, оларды жабады. Егер шашыңды жылы сумен жууға күш болмаса, оны кем дегенде ыстық емес сумен шайып көр. Контрастты душ бетке зиян, бірақ шашқа пайдалы. Сондықтан, басыңды жуған кезде, су бетіңе түспеуі үшін шашты артқа жібер.

№ 3 кеңес: шашыңды жиі ылғалдандыр
Құрғақ, боялған шашты өсіру өте қиын, өйткені ол үнемі сынып, бөлініп тұрады. Жағдайды түзету үшін оларды ылғалдандыру қажет. Ылғалдандыратын маскаларды жиі қолдануды баста (әр екінші бас жуу); шашыңды сүлгімен сығып алғаннан кейін, оған май жағып, табиғи түрде құрғат. Егер шашты кептіргішпен кептірсең, онда арнайы термо-спрейді қолдан, соңында арнайы ылғалдандырғыштарды ұзындықтарына жақ. Сондай-ақ, жұмыс үстеліңде ылғалдандыратын спрей болғаны жөн, оны күні бойы бірнеше рет қолдануға болады.
№ 4 кеңес: шашыңды ұшынан бастап тара
Ешқашан шашыңды түбінен бастап тарама! Осылайша олардың құрылымын бұзуға, жыртуға немесе шашты жұлып алуға болады. Қолыңмен шаштың ұшын жинап, оны қысып, ұштарын тарап баста. Содан кейін түбіне қарай жоғары тарай бастайсың. Сосын бүкіл ұзындығы бойынша бірнеше рет тарап шық, содан кейін алға қарай лақтырып, тағы бір рет қайтал – бұл әдіс бас терісінің қан айналымын жақсартады және шаштың өсуіне пайдалы әсер етеді.

№ 5 кеңес: жібек жастық қапшығында ұйықта және атлас киімдерін ки
Жібек немесе атлас жастық қапшығында ұйықтау пайдалы. Бірақ бұл ереженің жалғасы бар, оны бәрі ұмытып кетеді. Егер шашығ жаюлы болса, онда ол мақта немесе жүннен жасалған киіммен жанаспауы керек. Бұл екі материал шашпен мүлдем дос емес. Мақта мен жүн ылғалды өте жақсы сіңіреді және оны шаштан шығара алады. Сондықтан екі нұсқа бар: шашты жоғары түю немесе буу және гардеробыңа мүмкіндігінше атласты заттарды қос.
Фото: Instagram/ @ashleyparklady/ @halleybrisker/ @sooyaaa__