Ұшақтың есігін ашқан қазақстандық азамат жазаланды

A
aigerakain
26 декабря 2023

Ұшақтың есігін ашқан қазақстандық азамат жазаланды
Unsplash: Ramses Cabello

Оқиға 23 желтоқсанда болды. Ер адам FlyArystan отандық әуе тасымалдаушысының қызметін пайдаланды. Ұшу барысында ол ұшақтың апаттық есігін ашты. 

Сенбі күні авиакомпания өкілдерінен Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкент-Алматы қатынасында авиарейс жолаушысын ұстады деген хабар келіп түсті, деп хабарлайды ҚР ІІМ порталы. 

Ақпаратта құқық бұзушы акт бойынша рейстен алынып тасталғаны айтылған. Тексеру барысында оның 29 жастағы Алматының тұрғыны екені анықталды. Ер адамның мас күйде болған.

@corgi_sandy #flyarystan #kazakhstan ♬ оригинальный звук - corgi_sandy

Медициналық куәландыру мұны растады. Ол орташа дәрежелі мас күйінде анықталды. Оған қатысты «алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу», «әуе кемесіндегі мінез-құлық ережелерін бұзу», «ұсақ бұзақылық» баптары бойынша бірден үш әкімшілік материал жасалды және 8 АЕК (24 504 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. 

Ұсақ бұзақылық жөніндегі материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілетін болады. Осы бап бойынша құқық бұзушыға 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қаупі төніп тұр.


Ақпарат көзі: NewTimes

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше