Say Mo-ның дебюттік альбомын күтіп жүргендерге жақсы жаңалық.
Арудың "QALAI JAGDAI?" деп аталытын жуырда жарық көретін үнтаспасының екінші трегі жарық көрді.
Қазақ және орыс тілдерінде жазылған жеңіл әрі биге жақсы келетін трек. Сонымен қатар, туындыда Қайрат Нұртастың «Алматы түні» әніне сатиралық сілтеме бар.
Синглдың дыбыстық продюсері Nomad Punk, ал мәтінді ол Say Mo-мен бірге жазды.
«Мен одан көңілді бит жасауды өтіндім... Ары қарай өзі жазылып кетті. Трек өте вайбты, қуат сыйлайтын, әнжинақтағы әндердің көпшілігі сияқты, өйткені менің мақсатым бәріне жақсы ностальгия ретінде есте қалатын альбом жасау болды»,
деп бөлісті Say Mo.
Композиция әртістің "MONEY GIRL" атты дебюттік альбомына енеді — ол жинақ 18 түрлі жанрдағы тректерден тұрады. Longplay 15 наурызда шығады деп күтілуде.