
Қазақстандық хип-хоп орындаушысы Say Mo жанкүйерлерін таң қалдырды. Әнші каремен дебют жасады және американдық актриса Ума Турманның аңызға айналған бейнесінді фотолар жариялады.
Say Mo жанкүйерлеріне «Криминалды оқиға» картинасының қазақша нұсқасын көрсетті. Әнші Квентин Тарантиноның әйгілі фильмінен Ума Турманның бейнесін алды.
Түсінікті болу үшін ару Instagram-дағы постында фильмнің кадрларын көрсетті.
Жанкүйерлер қазақстандық әртістің ерекше образына жақсы баға берді.
«Сөз жоқ», «Люси Льюға қатты ұқсайды», «Не деген сұлулық?!», «Қандай керемет!», «Мо, сен кереметсің!», «Бұл ең дұрыс шешім болды», – деп жазды оқырмандары.
Фото: Instagram