«Сау болып кетіп, мүгедек болып келді»: Қорғаныс министірлігі Ербаян Мұхтардың жақындарына көмектесуге дайын

A
aigerakain
23 августа 2024

Ербаян Мұхтар
Shutterstock: Vladimir Tretyakov

Қорғаныс министрлігінде әскери борышын өтеуге барған Ербаян Мұхтар жарақаты туралы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасалды.

«Мерзімді қызметтің сарбаздары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында, Мемлекеттік күзет қызметінде және Төтенше жағдайлар министрлігінде қызмет өткеретінін хабарлаймыз», – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Қорғаныс министрлігі аталған күштік құрылымдардағы әскери қызметтің қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырмайтынын атап өтті.

«Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау командирлер үшін басты міндет болып табылады. Біз де Ербаян Мұхтардың туыстары мен жақындарымен бірге оның денсаулығына алаңдаймыз және ҚР Қорғаныс министрлігінің емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсетуге дайынбыз», – деді министірліктен.

Естеріңе сала кетейік, Ұлттық ұланның 22 жастағы әскери қызметкері Ербаян Мұхтар алты айлық қызметтен кейін күтпеген жерден комаға түсті. Ресми нұсқа бойынша, ол дәретханаға құлап, басымен ұрылды. Алайда, туыстары бұған сенбейді, өйткені қарапайым құлаудан кейін ауыр бас миы жарақаты, мидың қысылуы, оң жақта желке сүйегінің сынуы, мидың ісінуі және желке аймағының көгерген жарасы болмайды дейді.

Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу барысы ҚР ІІМ басшылығының бақылауында.

Қазақстандықтар Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтарды емдеуге және оңалтуға 139 млн теңгеден астам қаражат жинады.


Фото: Shutterstock

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше