Егер махаббатта жолың болмай жүрсе, жұлдыздар не дейтінін біл, мүмкін осы жолы айың оңынан туар.
Айдың соңында махаббат ағыны жаңа бағытқа бұрылып, өз жартыңды кездестіру ықтималдығы жоғары болу мүмкін. Әрине, бәрінің бірдей жолы бола бермейді. Тізімнің ішінен өзіңді ізде!
Егіздер
Егіздер жақын арада өздерінің екінші жартысымен кездеседі. Басында бір көргеннен махаббат болмауы мүмкін. Егер біреуге күтпеген жерден сезімің ашыла бастаса, жүрегіңді тыңда. Ол адамның да саған деген көңілі бар. Сұрақ тек: қайсыларың бірінші қадамды жасайсыңдар?
Суқұйғыш
Бостандықты сүйетін суқұйғыштар да алдағы екі аптада сүйіктісімен таныса алады. Бұл ауа немесе су жұлдыз жорамал өкілі болуы мүмкін, сондықтан алдымен оларға мұқият қарауды ұмытпа. Роман өткінші болып шығуы мүмкін, бірақ егер екеуің де өмірге деген көзқарастарың ұқсас екенін түсінсеңдер, жақсы нәтиже беруі мүмкін. Перспективаларды, сондай-ақ қарым-қатынастың оң және теріс жақтарын анықтауға тырыс — сол кезде белгілі болады.
Бикеш
Ойшыл бикештер де көктемге бой алдырып, махаббаттарын кездестіре алады. Бақытымызға орай, жақын арада лайықты үміткер табылады. Жеңіл емес, бәрін тереңірек көруге ,түсінуге тырысу керек. Мүмкін, ол көңілін ашық емес, ұқыпты және байыппен білдіріп жүрген шығар. Сен тез алданып қалатын адамдардың қатарынан емессің. Барынша ашық болуға тырыс. Ықтималдық өте жоғары.
Фото: Unsplash