
Шаш үлгіңді жаңарту туралы ойланып жүрсің бе? Ең қолайлы күнді таңда.
Шаш үлгіңді өзгерткің келсе бірден шаштаразға жазылуға асықпа, алдымен не істегің келетінін нақты шеш (шаштың ұшын кесесің бе? қысқа шаш үлгісін қалайсың ба? түсін өзгерткің келе ме?), содан кейін қолайлы күнді таңда.
Шаштың ұшын кесуге қолайлы күндер
Егер сен шаштың сау көрінісін сақтай отырып, ұштарын үнемі кесетін болсаң, мына күндер ең қолайлы – 3, 4, 26 және 27.

Қысқа шаш үлгісі үшін қолайлы күндер
Көктем – имиджді өзгерту үшін тамаша уақыт. Шашты түбегейлі қысқарту үшін сәуірдің қолайлы күндері: 12, 24, 28, 29.
Шашпен тәжірибе жасау үшін қолайлы күндер
Көктемде жаныңыз жаңашылдықты қалай ма? Сәнді шаш үлгісін қалайсың ба немесе шашты ерекше түске бояғың келе ме? Ең қолайлы күндерді ұсынамыз: 1, 2, 14, 21. Эксперименттерге сәттілік тілейміз!

Шаш қию үшін ең қолайсыз күндер
Барлық күндер шаш үлгісін өзгертуге жарамайды. Мысалы, ай туғанда шаш қию ұсынылмайды. Міне, сәуір айында шаш қию үшін қолайсыз күндер: 7, 9, 16, 18, 23. Бұл күндері шаштаразға жазылмаған дұрыс.
Фото: Instagram/ @dimitrishair