Сүйінші! Ерке мен Raim сәби күтуде

от aigerakain
Опубликовано: 25 августа 2023, 10:42
Instagram: erke_esmahan

Осы жылдың көктемінде некелескен қазақстандық әртістер сәби күтуде. Ерлі-зайыптылар бұл жайлы жаңа бейнебаянда жариялауды жөн көрді.

Bul mahabbat әнінің клипі кеше шықты және мыңдаған қаралымға ие болған. Сюжетте Raim түннің бір уағына дейін дыбыс жазу студиясында қалады, ал үйде оны қытырлақ донерін армандайтын жүкті әйелі күтеді.

Сүйікті күйеуі асханаға асығады, ол барғанға дейін асхана жабылып қалады. Үмітсіз Raim донерді кешкі ас сатып алып үлгерген полицейден тартып алады да, асығыс отбасына оралады. Мұның бәрі үйді қарулы полицейлер мен арнайы жасақ қоршап алумен аяқталады.

Ерлі-зайыптылардың жанкүйерлері әртістер отбасына осындай ерекше жолмен жүктілік жайлы жаңалықты білуге қуанышты болды. Олар Raim мен Ерке Есмаханның шығармашылық жұмысын жоғары бағалады.

Айтпақшы, желіде ерлі-зайыптылардың ажырасқаны туралы қауесет тарады, бірақ Raim мен Ерке Есмахан Bul mahabbat-ты көрсетіп, әңгімелерге нүкте қойды.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше