Францияның ашық чемпионатына қатысушылар арасында ең жарқын киімді теннисшілер тізіміне Қазақстанның алғашқы ракеткасы Елена Рыбакина кірді.
Париждегі теннисшілер супермодельге ұқсайды деп жазуда танымал спорт порталдары. Онда жарыс кезінде көрермендер мен спорт сарапшыларын таң қалдырған үздік киімдердің тізімі ұсынылды.
«Елена Рыбакинаның қазір сәтті киімдері бар: ол Adidas-тан Yonex-ке көшкен болатын. Теннисшінің жанкүйерлері оны кортта алқызыл кеудеше мен қою-көк түсті қысқа шалбармен көрді»,
делінген сайтта.
Елена Рыбакина портал нұсқасы бойынша ең жарқын киімді үздік 13 теннисшілер тізіміне кірді.
Сонымен қатар, алдыңғы күні Елена Рыбакина ауруына байланысты Ролан Гарросқа қатысуды тоқтататынын хабарлады. Қазақстанның бірінші ракеткасы мен әлемнің төртінші ракеткасы біріншілік кезінде кенеттен өзін нашар сезініп, турнирді аяқтау туралы шешім қабылдады.