Өрт кезінде не істеуге болмайтыны туралы 10 кеңес

от aigerakain
Опубликовано: 12 июня 2023, 13:13
Unsplash: Eberhard Grossgasteiger

Мектептен бастап өрт болған жағдайда өзін қалай ұстау керектігін үйретеді.

Негізгі ережелер есте сақталып қалады, ал басқалары уақыт өте келе ұмытылып кетеді. Біз не істеуге мүлдем болмайтыны жайлы айтамыз. Қиын жағдайда көмектеседі деп үміттенеміз.

  • Үрейленбе. Бұл қарапайым болса да, басты ереже. Өзіңе ойлануға бірнеше секунд бер, барлық кеңестерді еске түсір және әрекет ете баста. Егер қасыңдағы біреу дүрбелеңге салса: «не істеу керектігін білемін» деп айтып, сабырға шақыр. 
  • Заттарды алу үшін жалынға немесе түтінге толы бөлмеге кірме. Егер өрт бастапқы сатыда болса, құжаттар мен құнды заттарды жинауға болады. Ал, өрт өршігенде сенің өмірің мен денсаулығыңа қауіпті.
  • Егер қара түтінге оранған болса, баспалдаққа жүгірме. Бұл әсіресе электр сымдарының тұтануына қатысты. Бірнеше секундта ештеңе болмайтын сияқты көрінуі мүмкін, бірақ зиянды жану өнімдері денеге өте тез сіңеді. Егер пәтерде түтін концентрациясы аз болса, онда көмек күткен дұрыс. Мұндай жағдайларда өрт сөндірушілер адамдарды арнайы бетперде киіп эвакуациялайды.
  • Егер өрт ошағы пәтердің сыртында болса, есікті ашпа.
  • Егер өрт сенің пәтеріңде немесе кеңсеңде болса, терезелер мен есіктерді ашуға болмайды. Ауаның отты одан әрі өршітетінін есте сақта! 
  • Лифтті қолдануға болмайды. Өрт кезінде электр қуаты өздігінен өшеді немесе үй қуатсыз қалады. Егер лифт тоқтаса, біртіндеп түтінге толатын өлім тұзағына түсесің.
  • Бұрышта, шкафтар мен алыс бөлмелерде жасырынба. Мұны жиі жасайтын балаларға түсіндіру керек. Түтінді бөлмеде құтқарушылар сені таба алмайды.
  • Екінші қабаттан жоғары биіктіктен су төгетін құбырлармен немесе үйде жасалған «баспалдақтармен»(байланған перделер мен төсек жаймалары) түсуге болмайды. Импровизацияланған кабель үзілуі мүмкін, ал сен үлкен биіктіктен құлап кетесің.
  • Электр құрылғыларын сумен және басқа сұйықтықтармен сөндіруге болмайды. Ол үшін E санатындағы өрт сөндіргіштер бар, егер сен жанып жатқан теледидарды сөндіруді шешсең, оған бүйірден немесе артқы жағынан жақындаған жөн.
  • Соңында: өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалмай, отпен күресуді бастама. Өрттің таралу жылдамдығы көптеген факторларға байланысты, уақыт жоғалтып аласың және бәрібір де құтқарушыларды шақыруға тура келеді. Тек шығындар көп болады.

Фото: Unsplash

Ақпарат көзі: CSAT

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше