Қазақстандық әнші Роза Рымбаева Динара Сатжанға сұхбат беріп, жүктілігінің алтыншы айында жолдасы Тасқын Оқаповтың қайтыс болғаны туралы айтып берді.
Роза Рымбаева өміріндегі қайғылы сәтті есіне алды — ол күйеуі, дирижер және музыкант Тасқын Оқаповтың қалай қайтыс болғанын айтты. Аты аңызға айналған әнші жүктіліктің алтыншы айында және 9 жасар ұлымен бірге 43 жасында жесір қалды.
«Ол ұйықтап жатып кетіп қалды. Мен оянғанда денесі суық болып жатты. Бұл мен үшін күтпеген жағдай, бірақ оның денсаулығы соған әкелді. Оған дейін бірнеше микро инсульт болған, бірақ ол бұған аса мән бермеді, дәрігерлерге бармады. Үлкен инфаркт соңғысы болды — ол ұйықтап жатқанда»,
деп еске алады Роза Қуанышқызы.
Рымбаеваға сүйікті күйеуінен айырылу қиынға соқты. Осы қайғылы оқиғадан кейін әртістің өміріндегі приоритеттері түбегейлі өзгерді.
«Мен ауруханаға бірнеше рет түстім, түсік қаупі болды. Содан кейін мен Алишка туралы ойладым. Баланы дүниеге әкелуге және Алишканы өсіруге барлық көңіл мен күшімді салдым. Содан бері мен өнер үшін, сахна үшін, музыка үшін өмір сүріп жатқан жоқпын деп айта аламын. Мен өмір сүремін, жұмыс істеймін және көп тырысамын тек балаларым үшін. Оларды аяққа тұрғызу үшін, олардың бақытты өмірін көру үшін»,
деді 66 жастағы эстрада жұлдызы.
Тасқын Окапов қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Роза Рымбаева екінші ұлы Мәдиді дүниеге әкелді. Әншінің айтуынша, босанудың қиын болғаны сонша, ол өмір мен өлімнің арасында болды. «Алишканы босану да қиын өтті. Менде кесарь тілігі болды — екі операция да ауыр өтті. Дәрігерлер мені құтқарды», – деді Рымбаева.
Фото: Instagram