
Біз тым ерте немесе тым кеш болуы мүмкін бе сол жайлы айтамыз.
Ринопластика — әлемдегі ең танымал пластикалық оталардың бірі, бірақ ринопластика белгілі бір жаста жақсы жасалатынын бәрі біле бермейді. Бұл туралы пластикалық хирургтар New Beauty-ге берген сұхбатында айтады.
Хирург және медицина ғылымдарының докторы Ли Энн Клаузнер жасөспірімдерден егде жастағы адамдарға дейін әртүрлі науқастарды қабылдайтынын айтады, бірақ маңызды ақпаратты еске салады: «Біз емделушінің ринопластикаға жарамды ма, жоқ па, соны шешкенде, оның мұрны толық қалыптасқанын бағалау маңызды». Қыздарда бұл шамамен 16 жаста, ал ұлдарда — 18 жаста болады (әдеттегідей, бәрі жеке, мұрынның құрылымын тек дәрігер жеке консультацияда бағалай алады).
«Тағы бір маңызды фактор — психологиялық аспект. Ринопластика белгілі бір эмоционалды жетілуді қажет етеді», — дейді хирург Джеффри Уайз. Сондықтан хирургтарға көбінесе 20 мен 29 жас аралығындағы науқастар жүгінеді.
Ересектерге келетін болсақ, дәрігерлер тарапынан медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда оларды шектеудің қажеті жоқ. Алайда, ринопластиканы жүргізу кезінде болатын ісіну мен анестезия денсаулығы нашар науқастар үшін үлкен қауіп төндіруі мүмкін.
Егде жастағы науқастармен жұмыс істеу кезінде кейбір маңызды тұстары бар, өйткені терінің серпімділігінің төмендеуі және оңалту уақытының ұлғаюы ескерілуі керек.
Фото: Unsplash