Режиссер Олжас Нұрбай мен актриса Ұлболсын Шалқарова шаңырақ көтерді

от aigerakain
Опубликовано: 08 февраля 2024, 16:41
Instagram: ulbossyn.shalkarova

Отандық киноиндустрия саласындағы жұлдызды жұптардың саны артуда. Танымал режиссер Олжас Нұрбай мен актриса Ұлболсын Шалқарова шаңырақ көтерді.

Instagram желісінде жастардың тойынан түрлі видеолар тарап кетті. Ұлболсын Шалқарова да өз парақшасында ұзатуынан үзінділерді жариялап, оқырмандарымен бөлісті. Актрисаның ұзату тойы 6 қаңтарда өтіпті.

Олжас Нұрбай 1990 жылы 14 желтоқсанда дүниеге келген. Ол бірқатар танымал фильмдерге режиссерлік еткен. Олардың арасында көрерменге жақсы таныс «Мошенники» мен «Сәке» сериалдары бар. Ал актриса Ұлболсын Шалқарова 1992 жылы 15 шілдеде өмірге келді. Ару Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Актриса «Бажа» атты сериалда басты рөлді сомдаған. 


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше