Құралай Анарбекова неліктен махаббатты екінші орынға қойғанын айтты

от aigerakain
Опубликовано: 27 февраля 2024, 14:28
Instagram: kuralay_corich

Отандық танымал актриса Құралай Анарбекова ашыла сұхбат беріп, жеке өмірі жайлы сұрақтарға жауап берді. Кино саласында үлкен жетістіктерге жеткен продюсер осы күнге дейін махаббатты екінші орынға қойып келгенін айтты.

Құралай Анарбекова жұмысын бәрінен жоғары қойып келгендіктен, махаббаттан жолы болмай жүргенін мойындайды. Актриса бүгінде басы бос екенін айтты. Құралайдың соңғы қарым-қатынасы жұмысы мен арақашықтыққа байланысты сәтсіз аяқталған. 

«Қарым-қатынас ресми болмағаннан кейін оны көрсетудің қажеті жоқ. Мен ол жігітті ұмытқаныммен, кейін халық ұмытпайды. «Анаумен жүрді, мынаумен кездесті, суретін салды» деген сияқты сөздер көп айтылады. Мүмкін суретін салып, көпшілікке көрсететіндей адам болмаған шығар. Мен осы күнге дейін махаббатты екінші орынға қоятын едім. Бәрінің өз уақыты болады. Мансап қудым, шығармашылыққа берілдім. Қарым-қатынас болмады емес, болды. Соңғы қарым-қатынасымда да бәрі жақсы болды. «Вакцина от коррупции» фильмінен кейін тұрмысқа шығып, аналық қызметімді атқарамын деп ойлағанмын. Бірақ сол кезде «Орел и решка» бағдарламасынан ұсыныс түсті. «Бұл мүмкіндікті жібермеу керек, бір жарты жыл ғой» деген кезде айырылысып кеттік. Арақашықтықта қарым-қатынас құру қиын екен. Жарты жылдай Қазақстанда болмадым. Қазір жалғызбын»,

деді Анарбекова «Мамский әңгіме» подкастында.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше