
Іс Алматының СМЭС-да қаралды.
Материалдарға сәйкес, ағымдағы жылдың 4 қазанында Рахат Тұрлыхановтың үйінде отбасылық жанжал болды — жанжал барысында әнші жұбайына қол жұмсаған.
Отырыс аясында Тұрлыханов кінәсін мойындап, татуласуға келісті. Оның жұбайы да ұрып-соғу фактісін растады және соттан іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Сот тараптардың татуласуына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарды.
Айта кетейік, Алматы қалалық сотының ресми сайтына сәйкес, ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-1-бөлігі ұрып-соғуды немесе физикалық ауыртпалық тудырған, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерді жасауды көздейді және он тәулікке дейінгі мерзімге ескертуге немесе әкімшілік қамауға алынады.
Фото: Instagram