ҚР премьер-министірінің орынбасары Олимпиада-2024 формасына қатысты сынға жауап берді

A
aigerakain
17 июля 2024

 Қазақстан құрамасының формасы
Фото: Akorda

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова 16 шілдеде үкімет отырысына дейін еліміздің олимпиадалық құрамасының спорттық формасы туралы өз пікірін білдірді.

Журналистер премьер-министрдің орынбасарынан Олимпиадаға баратын қазақстандық спортшылардың формасы жайлы не ойлайтынын сұрады. Оның пікірінше, киім үлгілері жаман емес. Журналистер көпшілікті таң қалдырған Моңғолия спортшыларының формасын мысалға келтірді.

«Әркімге өз формасы ұнайды, бізге өз формамыз ұнайды»,

деді Тамара Дүйсенова.

Журналистің «не үшін жазда өтетін Олимпиадаға қыстың бас киімі тігілген» деген сауалына Дүйсенова:

«Жөнді форма. Оданда жақсы нәтиже күтейік»,

деп жауап қатты.
Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше