Қазақстандық Наталья Богданова әлемнің үздік боксшысы атағына таласуда

Жуырда қазақстандық боксшы Наталья Богданова World Boxing ұйымы тағайындайтын «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткер ретінде ұсынылды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 24 декабря 2025, 12:22
Наталья Богданова
Instagram: @bogdanova__99

Ұйым бұл туралы Instagram парақшасында жариялады.

Наталья Богданованың басты бәсекелестері:

  • Джайсмин Ламбория (Үндістан);
  • Минакши Худа (Үндістан);
  • Суннива Хуфстад (Норвегия);
  • Агата Качмарская (Польша).

Осы бес спортшының арасынан жанкүйерлердің әлеуметтік желілердегі дауыс беруі арқылы ең үздігі анықталады.

Айта кету керек, World Boxing ұйымының назарына іліккен қазақстандық спортшылар мұнымен шектелмейді. Ерлер арасында үміткерлер қатарына Махмұд Сабырхан да енді. Наталья Богданова мен Махмұд Сабырхан — екеуі де әлем чемпиондары. Оның үстіне, Махмұд Сабырхан 2025 жылы әлем чемпионатын екінші рет жеңіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Дауыс беру 26 желтоқсанға дейін жалғасады. Жеңімпаздар лайктар саны бойынша анықталады. Қазіргі таңда Наталья Богданова да, Махмұд Сабырхан да жиналған «жүрекшелер» саны бойынша көш бастап тұр.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше