Полиция «Ирина Кайратовна» тобының мобилографының қайтыс болу фактісі бойынша тергеу жүргізуде

от aigerakain
Опубликовано: 31 октября 2023, 13:17
Instagram: zhilkaidarov__

Полицейлер Астанада өткен «Ирина Кайратовна» тобының концертінде 21 жастағы мобилограф Шахназ Жылқайдаровтың қайтыс болу фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

«Мобилографтың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу жұмыстары жүргізіліп, тағайындалған сараптамалар әлі дайын емес. Аталған факті бойынша «адамның өлімі» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде»,

деп хабарлады.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін айтты. 

Еске сала кетейік, 14 қазанда Астанада өткен «Ирина Кайратовна» тобының концертінде 21 жастағы мобилограф Шахназ Жылқайдаров есінен танып, қайтыс болған еді. Бұл туралы топ мүшелерінің өздері концертті тоқтатып, сахнада жариялады.

15 қазанда «Ирина Кайратовна» қатысушылары ұжымның әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында Шахназдың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Астанада 14-15 қазанға жоспарланған концерттер тоқтатылды. 

Сонымен қатар, музыканттар алдағы Еуропа туры Жылқайдаровты еске алуға арналатынын айтты. 


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше