«Побег семерых» дорамасын сынның астына алды

A
aigerakain
18 сентября 2023

«Побег семерых» дорамасын сынның астына алды
Фото: Courtesy of The Escape of the Seven: War for Survival

Белгілі бір сахнасы үшін дораманы сынға алып, сценаристті кінәлауда. 

Бірнеше күн бұрын «Побег семерых» атты дорама көрермен назарына ұсынылған болатын. Актерлік құрамға тоқталатын болсақ, Ом Ки Чжун, Ли Ю Би, Щин Ин Ген және Юн Чонг Хун сынды танымал жұлдыздар.

Әзірге тек екі бөлімі шықса да, көрермендер туындының сценаристі Ким Сун Окты дорамадағы шамадан тыс қатыгездік үшін айыптауда. Айыптауларының басты себебі — бірінші бөлімдегі сахнада жаңбырдың астында анасы  қызын аяусыз ұрғаны. Осы сахнадан кейін сериал сынның астына қалды.

@hooni024 The Escape of the Seven: War for Survival #theescapeoftheseven #7escape #7escapekdrama #sevenescape #kdrama #mystery #suspense #thriller #kdrama #dramalovers #fypシ ♬ Thiss Heartt Justt Missess (Cover) - MITI NADA

Көптеген нетизендер мұндай көрініс назар аударту үшін қосылғанына сенімді,  сценаристтің фильмографиясына көз жүгіртсек, бұл аталмыш жанрдағы алғашқы сериал емес.  Еске сала кетейік, Ким Сун Ок «Пентхаус» дорамасының сценариін де жазған болатын.


Фото: Courtesy of The Escape of the Seven: War for Survival

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше