Осы уақыт ішінде біз бетімізді дұрыс жумай жүріппіз. Міне біздің қателіктеріміз

A
aigerakain
18 августа 2023

бетімізді дұрыс жумай жүріппіз
Unsplash: Matthew Tkocz

Таңертеңгі сұлулық тәртібіндегі кішкене өзгеріс бет жууға арналған гельдерді ысырап етуді тоқтатуға көмектеседі. 

TikTok-та beauty-хактар ғана емес, сонымен қатар біз дұрыс ұйықтамау, тамақтану немесе тіпті тыныс алу туралы бейнелер жарияланады. Жақында сұлулық блогері және тері күтімі бойынша сарапшы Мэтти (ол қысқа оқу бейнелерінің арқасында танымал) бейне жариялады, онда ол біздің бетімізді дұрыс емес жуатынымыз жайлы айтты. Бейне жүздеген мың қаралым жинады.

Видеода Мэтти: «Тым тез бетіңізді жуып жатқаныңызға сенімдімін. Егер бір минуттан аз уақыт жусаң, онда жууға арналған гельді ысырап етесіз». Мэтти тіс тазалауды мысалға келтіреді: «тісіңізді тазалаған кезде, паста құрамы жұмыс істеуі үшін бірнеше минут ысқылаймыз. Бетті жуғанда да солай. Егер өнімді тым тез жуып тастасаңыз, онда құрамы барлық ластаушы заттарды ерітіп үлгермейді. Оған әрекет етуге уақыт беріңіз».

@mattie.skincare Am I wrong? #skincaremistakes #howtowashyourface #skincaretips ♬ MMM MMM X DROP IT LIKES ITS HOT by Altegomusic - ALTÉGO

Көптеген пайдаланушылар бейне астында бетті 30 секундқа ғана жуатынын мойындады. Бірақ кейбір оқырмандар бір минут немесе одан да көп уақыт бойы бетін тазартатын адамдар қатарында болғанын айтты. Ал, енді бет жуғанда таймер қоямыз ба?


Фото: Unsplash

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше