Танымал қазақстандық «Ирина Кайратовна» тобының «Чина» әніне арналған бейнебаяны әлемнің үздік жүз клипіне енді. YouTube желісіне шыққаннан кейінгі екі айда клип 35 миллионға жуық қаралым жинаған.
«Ирина Кайратовна» тобының клипі 6 қыркүйекте YouTube Music Global Charts-те 98-ші орында, оған әлемнің үздік 100 клипі кіреді. «Чина» әнінің бейнебаянын әр түрлі елдердің көрермендері жоғары бағалады. Күн сайын қаралым саны артуда.
«Кинематографтағы қазақтар акулалар. Қандай фильм болса да шедевр! Қазір музыкада күшті өрлеу жүріп жатыр. Сіз үшін қуаныштымын! Қырғызстаннан келген», «Ағайынды қазақтар, сендер жай ғана ғарышсыңдар!», «Украинадан жалынды сәлем.
Енді «Ирина Кайратовна» менің ойнату тізімімде. Скриптонит, Ганвест, Иманбек музыкадағы өте керемет қазақтар, ал Димаш тың да орны бөлек», «Татарстан атынан ағайындылардың осы бомбалық трегі үшін рахмет», «Қазақтар, сендер менің жүрегімдесіңдер, Дағыстаннан сәлем», - делінген пікірлерде.
Фото: Unsplash