
Көктемгі маусымды тайсалмай қарсы алайық. Көзге түсер аксессуарлар мен жеңілтек күйді бірге алып жүрейік.
Қандай жылтыр. Chanel ұсынған сырмалы сөмкелердегі шынжыр – қымбат заттардың арасында ерекше көрінеді.

Толқынға қалай қарайсың? Батылдық пен əдемілік бір-біріне қарсы тұрған сөздер емес. Оның ең керемет үлгісі ол — сəнді Lady Dior сөмкесі.

Принтке назар аударыңыз. 90-шы жылдардағы сəнге қайта оралайық. Нəзік көйлектер, қызыл түс пен барыс, қабылан терісіне ұқсас принттерді киюге тура келеді.

Бірге болған жақсы. Күтпеген түстер мен түрлі маталарды бір-бірімен араластырсаңыз, стиліңіз көптеген жақсы пікірлерді жинай алады.

Табиғатқа жақын. Монохром ол тек ақ-қара түс емес. Айналадағы табиғатты байқап, бояуларды қосыңыз. Қоңыр, ақшыл сары мен қылқан жапырақ сияқты жасыл түстерді қарастырыңыз.

Мəтін: Eve Walker
Фото: Carla Guler
Стиль: Georgia Medley
Модель: Elsa Baldaia @ Milk Management
Макияж: Sogol Razi
Маникюр: Maddy Ayers Стилист көмекшісі: Gal Klein