
Америкалық әнші Николь Шерзингер Алматыдағы шоудан кейін эмоцияларымен бөлісті — «Pussycat Dolls» тобының экс-солисті концерттен бейнеролик көрсетіп, қазақстандықтарға деген сүйіспеншілігін білдірді.
«Мен сіздерді жақсы көремін, Қазақстан! Үздік шоу үшін көп рахмет. Сегіз мың адам — біз жандырдық», — деді Николь. Сондай-ақ, әнші жүктеген бейнероликте кештегі сахнадағы билері мен қазақстандық жанкүйерлердің үлкен тобын көруге болады.
Посттың жазбасында Шерзингер жанкүйерлеріне одан да көп жылы сөздер айтты. «Менің сөзім жоқ! Алматы Аренадағы sold out! Ең керемет энергиясы үшін және жүрегімді сонша махаббат пен сиқырмен толтырғаныңыз үшін көп рахмет, Қазақстан. Бұл есте сақтауға тұрарлық ерекше қойылым!» — деп атап өтті американдық поп-дива.
Фото: Instagram