Неліктен K-pop жанкүйерлері «Идол» сериалына бойкот жариялайын деп жатыр? 

от aigerakain
Опубликовано: 09 июня 2023, 13:04
Instagram: HBO/ Idol

K-Pop жанкүйерлері HBO-ның «Идол» сериялына бойкот жариялауды жоспарлап отыр.

4 маусымда даулы сериалдың премьерасы болды. Көрермендер сериалдың шығуын асыға күтті, себебі жұлдызды актерлер құрамы: фильмде The Weeknd, Лили-Роуз Депп және Blackpink тобының мүшесі Дженни ойнады.

Rolling Stone сериал туралы былай деп жазды: Лили-Роуз Депп поп-жұлдыз рөлінде. The Weeknd — тұрақсыз көшбасшысы. Қосалқы рөлдерді Дженни, Трой Сиван және басқа жұлдыздар сомдады. Режиссер Сэм Левинсонның жетекшілігімен. HBO-ның жаңа «Идол»сериясының айналасындағы хайп бір айға жалғасты.

Сериалдың сюжеттік бағыты режиссер Эми Саймец жобадан кетіп, оның орнын Сэм Левинсон алғаннан кейін түбегейлі өзгерді. Сол сәттен бастап түсірілім қатысушылары сериалдың жасалуы туралы тың ақпаратпен бөлісті. Көбісі Дженнидің рөлі эксплуататорлық және шоуға назар аудару үшін жасалған деп болжады.

«Түсірілім қатысушылары Дженнидің экран уақыты өте аз екенін және оның кейіпкерінің рөлі мағынасыз екенін растады. Оның эпизодында тек үш-төрт сөйлем ғана. Олар оған көп сөйлеуге мүмкіндік бермеді. Оның міндеті — отыру және әдемі болу»,

деп бөлісті Rolling Stone.

Сериалдың бірінші эпизоды көрермендердің күмәнді реакцияларын тудырды. Нетизендер Дженни мен ер бишілердің көріністерін «профокациялық» деп атады.

https://youtu.be/OtHIVo2WQe4

Әртістің жанкүйерлері Дженниді желідегі хейттен қорғауда. Жанкүйерлер Blackpink мүшесінің биі көптеген жаңа драмалармен салыстырғанда тым өрескел емес деп есептейді. Жанкүйерлер Дженнидің бұл салада ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген ересек адам екенін атап өтті.


Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше