
Біз ауырған кездегі сезім жағымды емес. Бірақ тері әдеттегіден жақсы көрінеді және сезінеді. Неліктен бұлай болатынын анықтайық.
Көпшілігіңде ауру кезінде теріге көңіл толатын кездер жиі болатынына сенімдіміз (мысалы, қызу көтерілгенде). Ия, ол күңгірт және бозғылт болып көрінеді, бірақ безеулер кетіп, тері өңі тегіс болады.
Бұны ойдан шығармадық, бұл факт. Осы жайлы дерматолог доктор Алексис Стивенс Hypebae-ге берген сұхбатында айтады. «Әрине, бәрі ауруға және қандай дәрі-дәрмектер мен дәрумендерді қабылдағаныңызға байланысты. Бірақ, мысалы, дәрігерлер антибиотиктерді тағайындаған кезде, дәрілердің бактерияға қарсы компонентінің арқасында тері әрдайым дерлік безеулер мен қабынулардан тазартылады», — дейді Стивенс. Сонымен қатар, көптеген адамдар суды, шөп шайларын және дәрумендерді көбірек ішеді. Бұл да терінің күйіне оң әсер етеді.
Hypebae сұлулық редакторларының өз болжамы бар. Олар ауру кезінде бізде қышқылдар мен қабыршақтағыштарды қолдануға уақыт жоқ деп ойлайды, сондықтан біз негізгі күтімге көшеміз: тазарту, ылғалдандыру және босаңсытатын маскалар, ал тері оған тегіс және біркелкі тонмен жауап береді.
Фото: Pexels