
Таңертең біз жұмыс алдында сергіп алу үшін душ қабылдауға дағдыланғанбыз. Бірақ сарапшылардың пікірінше, біз өз денемізге зиян келтіреміз.
Денені дұрыс жууға қатысты даулар жалғасуда: кейбіреулер уақытында душ қабылдау және гигиенаны сақтау қажет дейді, екіншісі бұның зиян екенін растайды. Дәрігер және дерматолог, профессор Салли Блумфилд жауап берді. Ол таңертең душ қабылдауға болмайды дейді.
«Біздің денемізде жағымсыз иіс шығаратын микробтар бар, бірақ олар бізге зиян тигізбейді. Керісінше, олар пайдалы-терідегі май деңгейін бақылауға көмектеседі»,
дейді ол.
Таңертең душ қабылдауымыздың жалғыз себебі-қоғам. Доктор Блумфилд біз өзімізді әлеуметтік тұрғыдан қолайлы сезінгіміз келетінін және жұмысқа майлы баспен немесе денедегі тердің иісімен келе алмайтынымызды айтты.

Ол таңертеңгі душты теріс пайдаланбауға кеңес береді— егер сіздің денеңіздің иісі мен шаш үлгіңіз жақсы болып тұрса, онда тағы бір мәрте жуынудың қажеті жоқ. Жұмысқа бармаған күндері душ қабылдамаңыз. Егер сіз, спортпен шұғылдансаңыз немесе ауыр физикалық жұмыс жасасаңыз, әрине, әдеттегідей душ қабылдаған дұрыс. Бірақ өзіңізге зияны тиіп кетпесін.
Фото: Unsplash/Robert Gomez
Ақпарақ осы жерден алынды