Нұртас Адамбай заң бұзды деген күдікке ілінді

A
aigerakain
01 августа 2024

Нұртас Адамбай
Instagram: nurtasadambay

Нұртас Адамбайға қатысты іс Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралады.

Сот кабинетінде айтылғандай, Нұртас Адамбайға ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін айып тағылып отыр. Атап айтқанда, айыптау ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, ғимараттарды ғибадат үйлері етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) қойылатын талаптарды бұзуға қатысты.

Мұндай әрекет үшін жеке тұлғаларға — 50 АЕК (185 мың теңге), заңды тұлғаларға — 200 АЕК (738 мың теңге) айыппұл төлеу жазасы тағайындалады.

Істі тыңдау бейсенбі, 1 тамызда WhatsApp-тағы видеоконференция арқылы өтеді деп жоспарланған.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше