«Өмірімнің түбінде болғанмын»: Еркебұлан Тоқтар лудоманиядан қалай құтылғанын айтты

от aigerakain
Опубликовано: 18 января 2024, 12:36
Instagram: erkebulan_toktar

Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желідегі жанкүйерлеріне құмар ойындарына қалай тәуелді болғанын және лудоманиядан қалай құтылғанын ашық айтты. 

Еркебұлан 3 жыл бұрын өмірінде болған оқиғалар туралы ашық айтты. Актердің айтуынша, ол «өмірінің түбінде» болған. 

«Қалай ол жағдайға түсіп кеттім — мен жарты жыл бойы ақша тігіп жүрдім, басында ұттым, тамақ, такси, басқа қажеттіліктерге жұмсадым. Бірақ, жағдай өзгерді, мен тапқан ақшамды жоғалта бастадым, қарызға батып, несие ала бастадым. Соңғы рет несие сомасы 60 мың теңге болғаны есімде. 3 рет мен 20 мың теңгеден ақша тігіп, ұтылып қалдым. Бұл 5 желтоқсан болатын. Ал, 9 желтоқсанда анамның туған күні, менің қалтамда сыйлыққа бір тиын да болмады. Сонда мен өзімнің қаншалықты сорлы екенімді, інілерге аға бола алмадым, ата-анама үлгілі бала бола алмадым деп өзімді жек көріп отырғанда, қолға аламын деп шешіп, жаттығу залына жазылдым. Ақша болмады, мен тегін спортзал таптым»,

деді ол достарының оған қол ұшын бергенін есіне алып. 

Еркебұлан спортпен шұғылданып, ағылшын тілін үйрене бастады. Уақыт өте келе ол барлық қарыздарын төледі. 

«Спорт, білім және дін — мені түбінен  алып шыққан үш нәрсе. Мен бұл нәрселерден енді ешқашан бас тартпаймын. Мен айтқым келеді — қандай жағдайда болсаңыздар да, еңбек етсеңіздер, сол әрекеттерге қарай Алла тағала жолдарды ашып береді екен»,

деді Еркебұлан. 

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше