Pexels: Andrea Piacquadio
Стресс пен күнделікті міндеттерге толы әлемде көптеген қыздар жұмыс, оқу және жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысады. Егер сен солардың бірі болсаң, өміріңе кем дегенде бір жаңа хобби қос.
Балет

Pexels: Budgeron Bach
Бұл икемділікті, күшті, төзімділікті және қозғалысты дамытуға көмектеседі. Балетпен үнемі айналысу дене қалпын жақсартады, бұлшықеттер мен буындарды нығайтады, демек, жарақат алу және тірек-қимыл аппараты ауруларының даму қаупін азайтады. Бұл, әсіресе, қыздар үшін өте маңызды, өйткені жақсы физикалық форма бүкіл дененің денсаулығы мен сұлулығын сақтауға көмектеседі.
Сондай-ақ, балет сабақтары стрессті және мазасыздықты жеңуге көмектеседі. Бұл сенің эмоцияларыңды биде білдіруге және жиналып қалған энергияны шығаруыңа мүмкіндік береді.
Балетке жазылатын жастан шықтым деп ойлама. Мүмкін сенің қалаңда саналы жаста балетке қызығушылық танытқандар үшін құрылған студиялар болуы мүмкін.
Нан пісіру
Нан пісіру – бұл шынымен шығармашылық жұмыс. Әр уақытта рецепттермен, ингредиенттермен және әдістермен тәжірибе жасауға болады. Бұл тәсіл қиялды дамытады және ерекше нан өнімдерін жасауға мүмкіндік береді.
Қамырды илеу, оның пішінін жасау және нанның көтерілгенін және пісіп жатқанын бақылау – нағыз медитация болуы мүмкін. Жайлы атмосфера күнделікті алаңдаушылықтан арылуға, жүйкеңді тыныштандыруға және қазіргі сәтке назар аударуға көмектеседі.
Теннис

Pexels: Ahmed
Бұл ойын жақсы физикалық дайындықты қажет етеді: реакция жылдамдығы, ептілік, төзімділік және күш. Тұрақты теннис жаттығулары жүрек пен қан тамырларын нығайтуға, бұлшықет жүйесін дамытуға, қозғалысқа және икемділікті жақсартуға көмектеседі. Мұның бәрі созылмалы ауру мен ерте қартаю қаупін азайтады.
Теннис командалық спорт болғандықтан, ол әлеуметтік қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі. Турнирлерге, топтық жаттығуларға және достық матчтарға қатысу – жаңа пайдалы таныстық орнатудың, ойларың бір жерден шығатын адамдармен кездесудің тамаша тәсілі.
Сондай-ақ, үнемі жаттығу жасау және олардың нәтижелерін жақсартуға ұмтылу тәртіп пен табандылықты қажет етеді. Бұл қасиеттер өмірдің басқа салаларына ауысады, сені ұйымшыл және өз қабілеттеріңе сенімді етеді.
Шет тілдерін үйрену
Бұл жай ғана пайдалы әрекет емес, сонымен қатар сенің өміріңді жақсы жаққа өзгерте алатын қызығушылық. Жаңа тілді үйрену саған басқа мәдениетке, әдебиетке, музыкаға және киноға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл айналадағы әлемді тереңірек түсінуге және дүниетанымыңды кеңейтуге мүмкіндік береді. Сен кітаптарды түпнұсқадан оқи бастайсың, басқа елдердің адамдарымен сөйлесіп, жаңа нәрселерді біле аласың.
Зерттеулер жаңа тілдерді үйрену есте сақтау қабілетін, зейінін және аналитикалық қабілетті жақсартатынын көрсетеді. Себебі ми жаңа сөздерді, грамматиканы жаттау арқылы белсенді жұмыс істейді.
Кітап жазу

Pexels: Ron Lach
Жазу – стрессті жеңілдетуге және жағымсыз эмоциялармен күресуге арналған күшті құрал. Қағазға ойларың мен тәжірибелеріңді түсіру сезімдеріңді түсінуге, мазасыздық пен депрессияны жеңуге көмектеседі. Жалпы шығармашылық терапевтік әсерге ие, өйткені ол ішкі кикілжіңдері жақсы түсінуге және қабылдауға мүмкіндік береді.
Сен кітап жазып жатқанда, өмірдің мәні, адамгершілік, адами қатынастар және тағы басқалары туралы сұрақтарға тоқталасың. Мұның бәрі саған өзін-өзі тану жолына түсуге, өмірдің мәнін табуға және өзіңінің жеке басыңды қалыптастыруға көмектеседі.
Фото: Pexels
Дереккөз: HEROINE