Мінсіз қас пішініне қалай қол жеткізуге болады — Рианнаның бет әрлеушісінен 4 кеңес

A
aigerakain
05 августа 2024

Instagram: badgalriri

Саған пинцет, қасқа арналған қарындаш және қайшы қажет.

Сания Вучетай Рианна мен Сара Джессика Паркер сияқты көптеген танымал адамдардың қастарын күтеді, сондықтан ол кеңес бергенде біз мұқият тыңдаймыз. Қас маманы қастарды қалай дұрыс түзету керектігін және қателіктер жіберіп алмау жолдарын айтты.

Саған төрт негізгі қадам туралы айтпас бұрын, Сания ескертеді — барлығы табиғи жарықта жасалуы керек. «Қатты жарық түскенде артық шаштар бұрынғыдан да көп сияқты көрінеді», - дейді ол.

Өз формаңды тап

Бұл әр адамда әртүрлі, бірақ бірнеше жалпы нұсқаулар бар. «Сенің қастарың әрқашан мұрынның жоғарғы жағынан басталуы керек. Қастың басы көздің ішкі бұрышынан сәл асып тұруы керек», - дейді Вучетай.

Қастың ұшы көздің үстінде доға сияқты тұруы керек. Бұл нүктенің қай жерде екенін түсіну үшін сұқ саусақты доғаға қойып, саусақ тиген аймақты белгілеу керек. Дайын!

Қастарыңды қарындашпен сыз

Вучетай жұлуды бастамас бұрын қастарыңды қарындашпен айналдыруды ұсынады. Осылайша сен қай бөлігін алып тастауға болатынын бірден көресің.

Пинцетпен ұқыпты бол

Бір-бірден шашты жұлып ал, бұл артық алмауға көмектеседі. Вучетай шашты кетіру үшін воск немесе жіпті қолданбауға кеңес береді — тек пинцет.

Қайшыға жол жоқ

Қастарыңды кесуге болмайды. Арнайы қайшыны қолдан (маникюр арналған емес!), егер шаштың кейбіреуі тым ұзын болса ғана. Басқа жағдайда қастарыңды жайына қалдыр.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше