
Instagram: @zhahan_utargaliyev
Әнші Балжан Бидаштың бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиев жақында некесін қиды. Актер жаңа отбасын көрсетті. Ол бұған дейінгі берген сұхбатында тек баласы бар әйелге үйленетінін айтқан болатын.
Отарғалиев өзінің блогында жариялаған жаңа видеода әйелі және оның екі қызымен бірге дастархан басында отырған сәтін көрсетті.
Сонымен қатар, Жаханды жаңа отбасымен бірге таза ауада жүргенін және фильм тамашалағанын көруге болады.
«Алла сұрағанымды берді»,
деп жазды ол.
«Көпбалалы отбасы бол», «Жарайсың, Жахан! Ұлды болыңдар! «Тату отбасы болыңдар!», «Алла сізге осындай игі іс үшін разы болсын», «Артқа қайтар жол жоқ», – деп жазды актердің оқырмандары.
Фото: Instagram