
Күйеуін алғаш рет көрсеткен қазақстандық әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желіде жазылып жатқан әдепсіз сұрақтар мен пікірлерге таң қалды.
Мақпал Исабекова алғаш рет күйеуін көрсетіп, қай ұлттың азаматы екенін айтты.
Біреулер бақыт тілеп жатса, хейтерлер әдепсіз сұрақтар мен пікірлер жазуды жалғастырды — «беташар» бәріне ұнай бермейтін болып шықты.
Мақпал сынағандарға жауап беруге шешім қабылдады.
«Көрсетпесең, неге көрсетпедің, көрсетсең, неге көрсеттің. Неге мұсылман емес, неге күлмейді, түрі онша емес екен, жездеміз апамызға сай емес екен. Түрі суық екен, сізге жараспайды, қай жеріне қызықтыңыз, жасы нешеде, туған күні қашан, қан тобы қандай?
Не істейін? Ажыраса салайын ба? Балаларды балалар үйіне өткізе салайын ба? Не істеуім керек айтыңдаршы? Қалай өмір сүру керек? Өздеріңнің күшті байларыңды көрсетіңдер. Үлгі болсын бізге, қандай еркекке қызығу керек екенін біліп жүрейік. Кімге тұрмысқа шығу керек соның бәрін айтып беріңдерші.
Сосын, кешірім сұраймын үміттеріңізді ақтай алмадық, менің күйеуім қарапайым адам және ешқандай да өзге ғаламшарлық емес екен. Бәріміз жанұямызбен кешірім сұраймыз сіздерден»,
деді Исабекова.
Фото: Instagram