Мәдениет министрі Akon-ның қазақстандық жанкүйерлерін сынға алды

A
aigerakain
27 декабря 2023

Аида Балаева
Shutterstock: Jacob Giamba

Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ОКҚ брифингінде журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Астанадағы рэпер Akon-ның концертіндегі жанкүйерлердің қылықтары жайлы пікіп білдірді. 

Естеріңе сала кетейік, 18 желтоқсанда Астанада өткен америкалық рэпер Akon концертінде жанкүйерлер рэперге іш киімдерін лақтырған болатын. Олардың бұл әрекетін Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай сынға алды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшысы Аида Балаева өз пікірін білдірді. Ол әншінің сөздерінен гөрі қыздарымыздың мінез-құлқына көбірек таң қалғанын атап өтті. 

«Әрине, ұят. Біз әртістерге осылай жасағанда, кейде шектен шығамыз. Әрине, егер біз шығармашылық индустрияны дамыту туралы айтатын болсақ, бұл бізге әртүрлі жанрдағы жұлдыздар келеді дегенді білдіреді. 

Сондай-ақ, біздің жұлдыздар мен орындаушылар өз аудиториясын кеңейту үшін басқа елдерге барады. Әрине, мұнда бәріне тыйым салу мүмкін емес. Ал министрлік өз кезегінде, біріншіден, біздің мәдени мекемелерде мұндай концерттер өтпейтініне назар аударады. 

Негізінен концерттерді жеке құрылымдар ұйымдастырады және олар аудиторияны, белгілі бір жұлдыздардың танымалдылығын ескереді және оларды шақырады. Бұл коммерциялық концерттер. Біз оған араласпаймыз»,

деді ол. 
@marjan0405 #акон #аконконцерталматы #rek #akon #almatyarena ♬ оригинальный звук - Marzhan_👑 TURAN 👑 🇰🇿

Сондай-ақ, Балаева Мәдениет және ақпарат министрлігі әртістердің балағат сөздерге жол бермеуіне, өздерін лайықты ұстауына, цензураға сай емес сөздердің айтылуына жол бермеуіне — сахнаны саяси ұрандар үшін платформаға айналдырмауына назар аударатынын атап өтті.


Фото: Shutterstock

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше