Лос-Анджелесте тұратын Лидо өрт салдарынан эвакуациялауға дайындалды

Лидо деген атпен танымал және Лос-Анджелесте тұратын қазақстандық әнші Лидия Досалина орман өрттері өршіп тұрған қаладағы жағдай туралы айтып берді.

АА
Арайлым Ақан
10 января 2025

Лос-Анджелесте Лидо
Instagram: @lidiyabairon
Лос-Анджелесте тұратын Лидо өрт салдарынан эвакуациялауға дайындалды

Instagram: @lidiyabairon

Лидо Instagram-дағы стористе басынан өткен жағдай туралы жазып үлгерді.

«О, бізде не болып жатыр! Апокалипсис — артық емес, кем емес! Кеше түнде қатты жел, дауыл басталды! Мұндайды Лос-Анджелесте ешқашан көрген емеспін. Кейіннен жана бастады, көптеген үйлер, Лос-Анджелестегі әйгілі орындар өртенді»,

деп жазды әнші.

Ол, сондай-ақ, ондаған мың адам эвакуацияланғанын айтты.

«Кеше кешкі сағат 7-де біздің ауданда жарық сөніп, байланыс үзілді. Түнде біраз уақытқа берді, содан кейін жарықты бүгін түскі асқа дейін сөндіріп тастады. Біз қауіпсіз, бірақ эвакуациялау үшін күту режимінде тұрмыз»,

деді ол.
Лос-Анджелесте тұратын Лидо өрт салдарынан эвакуациялауға дайындалды

Instagram: @lidiyabairon

Лидо сонымен қатар картадан үйінің қай жерде орналасқанын көрсетті, оның жанында өрттер өршіп тұр.

«Шеңберде — біздің үй, ал айналасының бәрінде өрт!»,

деп шошыды Лидо.
Лос-Анджелесте тұратын Лидо өрт салдарынан эвакуациялауға дайындалды

Instagram: @lidiyabairon

Әнші бүгін қауіпсіз аймақта екенін айтып, оқырмандарына жазылған хаттар үшін алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, АҚШ-тың Калифорния штатында, Лос-Анджелеске жақын жерде өрттің өршуі жалғасуда. Жақында желіде ТЖ орнынан жаңа кадрлар жарияланды. Қазіргі уақытта 5 адам қаза тапқаны белгілі, өрт сөндірушілер өртті әлі де оқшаулаған жоқ.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше