Әлемдегі ең мықты төлқұжаттар рейтингі: Қазақстан нешінші орында?

от aigerakain
Опубликовано: 01 марта 2023, 11:55

Passport Index порталы әлемдегі ең «күшті және ықпалды»төлқұжаттардың тізімін жариялады.

Қозғалыс еркіндігіндегі ең ықпалды Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтығы болды. Бұл мемлекеттің азаматтары үшін 123 елге визасыз режим ашылған, ал оларға тек 58 ел үшін виза рәсімдеу қажет.

Екінші орында бірден Еуропаның 10 елі мен Оңтүстік Корея орналасқан. Осы төлқұжат иелеріне 129 елге визасыз кіру қолжетімді:

  • Швеция;
  • Германия;
  • Финляндия;
  • Люксембург;
  • Испания;
  • Франция;
  • Италия;
  • Нидерланды;
  • Аустрия;
  • Швейцария;
  • Оңтүстік Корея.

Қазақстан 54-орында. Біздің еліміздің тұрғындары БАӘ, Түркия, Өзбекстан, Украина, Тәжікстан, Суринам, Сент-Винсент және Гренадина, Сербия, Ресей, Филиппин, Палестина аумағы, Оман, Намибия, Монтенегро, Моңғолия, Молдова, Микронезия, Малайзия, Қырғызстан, Иран, Гонконг, Гаити, Грузия, Гамбия, Эквадор, Доминикан Республикасы, Доминика, Коста-Рика, Колумбия, Бразилия, Беларуссия, Барбадос, Әзірбайжан, Армения, Аргентина, Антигуа және Барбуда, Албания сияқты 40 елге еркін кіре алады.

Қазақстанмен бір позицияда көршілес Белорусь мемлекеті тұр.

Украина рейтингте 19-шы орында, Ресей – 37-ші орынды иеленді. Армения 64, Өзбекстан 69, Қырғызстан 68-ші орында орналасқан.


Фото: Unsplash/ Blake Guidry

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше