
Telegram арналардың бірінде 16 тамызда сағат 4:00-де бүкіл әлемде қатты жер сілкінісі болатыны туралы жаңалық таралды. Бұл туралы ресейлік саясаткер Жириновскийдің мұрағаттарынан табылған карталарда бар. Жалған ақпарат.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институты бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
«Халықаралық сейсмологиялық орталықтардың ресми мәліметтері бойынша, 16 тамызда магнитудасы 5,5 балдан асатын қатты жер сілкінісі күтілмейді. Қазақстан аумағында да, еліміздің шекара маңындағы аумақтарда болған барлық төтенше оқиға, сондай-ақ біздің аспаптарымыз тіркеген транзиттік жер сілкіністері «112 KZ» телеграм-арнасында және www.seismology.kz сайтындажедел түрде жарияланады. Тек ресми ақпаратқа ғана сеніңіздер»,
делінген Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмология институтының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Фото: Pexels