
Танымал қазақстандық блогер Zheka Fatbelly сырға салуында түсірілген бейнені жариялады.
Сонымен қатар, ол өзінің таңдаған адамының бетін әлі де жасырады. Блогер өз шешімін жанкүйерлерге түсіндірді.
«Мен түсіндірейін, содан кейін оны көрсетпеуім жайлы жазбаңыздар. Бізге солай ыңғайлы, сол үшін осындай шешім шешім қабылдадық. Мұны қабылдаңыз және біз үшін қуаныңыз», – деді блогер.
Күні кеше ұзату тойдың қалай өткені жайлы да оқырмандарымен бөлісті. Жанкүйерлері құттықтап, бақыт тілеуде.
Фото: Instagram