
Бұл топ туралы қазіргі қазақстандық музыкадан алыс адамдар да біледі.
Олар талай кедергілерден өтіп, өздерән дәлелдеп, жанкүйерлер базасын қалыптастырды. Әрине, біз отандық музыка индустриясы тарихындағы ең ерекше және табысты жобалардың бірі — Ninety One тобы туралы айтып отырмыз.
Биылғы жыл топ үшін өте қарқынды өтті. JUZ Entertainment-тен кету, жаңа жолды табу, концерттер, гастрольдік сапарлар. Жылдың соңында екі жеке концерт жоспарланып отыр: 23 желтоқсан Астанада және 27 желтоқсан Алматы қаласында.
Топ мүшелері осы жылы орын алған өзгерістер жайлф бөлісті.
«Көптеген менталды тұрғыдан өзгерістер болды. Біз қазір әртүрлі керемет, ауқымды нәрселерді жасауға болатындығына және ешқандай шеңбер, шекара жоқ екендігіне барынша шабыт алдық. Біз жайлылық аймағынан шығып, шынымен жаңа, құнды, ауқымды, керемет нәрсе жасауға тырысамыз»,
деді ZAQ
Ал, Ace-тің айтуынша, олар өздерін тәуелсіз, еркін сезіне бастаған.
«Сахнаға шыққанда, отбасыңмен, бауырларыңмен бірге екеніңді сезіну өте керемет. Бізге бір-бірімізбен өте жайлы, және кез-келген жағдайда көмектесе алатынымызды білеміз»,
деп ағынан жарылды Азамат.
Bala да осы жылы, барлығын ақ парақтан бастағаннан кейін, төртеуінің арасында керемет бірлестік орын алғанын атап өтті. Оның айтуынша, бір-бірімен шынайы болу, шығармашылықтың да сәтті шығуына әсер етеді.
«Музыкада бізде ешқашан нақты бағыт болған емес. Біз әрқашан араластырдық, әрқашан тәжірибе жасадық, бұл әртүрлі стильдердің, мәдениеттердің және әртүрлі дыбыстардың эклектикасы болды. Жалпы, бұл жай поп-музыка»,
деді Alem.
Фото: Азамат Кенжегулов @az.kenzhegulov